Реферат 3

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.Қалыпты анатомия кафедрасы.

Реферат

Тақырыбы: Адам денесінің әртүрлі аймақтарын

препаровкалау тәсілдерін меңгеру

Орындаған: Ұзақбай М.О.

1-022 топ ЖМФ

Тексерген: Шапатова Г.Б.

Қарағанды 2014ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Препаровкалау техникасы;

Бас аймағының препаровкасы;

Мойын аймағының препаровкасы;

Жұтқыншақ препаровкасы;

Көмей препаровкасы;

Қолтықасты аймағы және иық препаровкасы;

Тізе және мықын беткейінің препаровкасы;

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Препаровка ауасы тазартылған, жақсы жарықтандырылған арнайы бөлмеде (оқу бөлмесі) ұйымдастырылады. Препаровка кезінде студент халат және қалпак киуі керек. Гигиеналық көзқарас бойынша полиэтиленді қолғап және алжапқыш қолдану керек.Препаровкалау аяқталғаннан кейін қолғапты шешпей жылы сумен сабындап жуып, кептіріп, талькпен бүрку керек. Препаровкалау техникасы

Препаровкалауды бастамас бұрын студент препаровка жасайтын дене аймағын жақсылап меңгеру керек. Ешқандай жағдайда асығуға болмайды. Өткір инструменттермен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау міндетті. Жұмыс аймағында алғашқы көмек көрсететін дәрілер қорабы(аптечка) болу керек.

Бас аймағының препаровкасы

Жалпы ескертпелер: Мәйіт арқада жатыр, басының астына валик қойылған. Басты қарама-қарсы жаққа бұру қажет. Студент препаровкалауға арналған облыстан қыр жағында орналасады. Мәйіттің басының шаштары және бетіндегі түктерін алып тастау керек. Скальпель қатты қайралған болу керек.

Тіліктің сызықтары

Бірінші тілікті сыртқы желкелік адырдың ортаңғы сызығынан мұрын қырына дейін жүргізу керек, кейін латеральды бұрып, мұрын қанатын қайыру керек және тілікті қаңсар құрыс арқылы ауыз бұрышына дейін жалғастыру керек, осы жерде,төменгі ерінді қайырып,ортаңғы сызыққа дейін жетіп, ортаңғы тілікті иек бойынша төменгі жақсүйекке дейін жалғастырамыз.

Екінші тілікті төменгі жақсүйек жиегімен, 1 см алға жылжытып, ортаңғы сызықтан төменгі жақсүйек бұрышына, содан кейін сырғалықты қайыра отырып, емізік тәрізді өсіндінің жоғарғы жағына қарай сызық жүргізу керек. Тері ғана жарылады.

Мойын аймағының препаровкасы

Мойын аймағының препаровкасын жүзеге асыру үшін,мәйіт арқаға жатқызылады, иықтың астына үйінді қойылады, мәйіт басы препаровкалауға қарама-қарсы жаққа бұрылады. Препаровка аймағының жоғарғы жағын секциялық столдан түсіп тұру үшін төмен түсіру қажет. Бұндай жағдайда бұғана төмен түседі де, мойын аймағы біршама ұзарады. Студент препаровка жағынан орындаққа жайғасу керек

Жұтқыншақ препаровкасы

Препаратты дайындау. Мойын негізі деңгейінде басты кеудеден бастан ажырату керек. Бассүйек қаңқасы ашылмаған болса, онда горизантальды кесу арқылы шатырын алып, миды алып тастау керек. Осыдан кейін жұтқыншақтың артқы қабырғасын босату үшін, бассүйек қаңқасының негізінің артқы жағын және омыртқа жотасының мойын бөлімін алып тастау керек.Ол үшін мойынның көлденең кесіндісінен өзекті тауып,оны иілген қайшылар арқылы мойын омыртқаларының алдыңғы беткейінен ажырату керек.

Көмей препаровкасы

Көмейдің препаровкалау аппаратын алу үшін препаровкаланған мойын қолданылады. Алдымен жоғарғы және төменгі көмейдің тамыр-нервтік түйіндерін белгілеу керек. Жоғарғы көмейлік нервті оның кезбеден ажырауының жерінде кесу керек және оны үлкен тіласты сүйегінің деңгейіне дейін белгілеу қажет. Онымен біруақытта жоғарғы қалқанша артериясын және оның көмейге баратын бұтақтарын препаровкалау қажет. Осыдан кейін ажырау орнында кесіп тастап көмейдің қайырылма нервтерін оның төменгі қалқанша артерияларымен қоса препаровкалау керек. Кеңірдек және өзекті көлденең кесу керек. Тілдің тіласты сүйегімен байланыстарын кесіп өтіңіз. Алдында тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттерді кесіп өту керек.

Қолтықасты аймағы және иық препаровкасы

Жалпы ескертулер. Жоғарғы аймақ препаровкасы иықтық белдеуден шеткері аймаққа қарай жүзеге асырылады.Алдымен жоғарғы бөлік өңделеді, сонынан төменгісі. Мәйіттің жоғарғы бөлігі 90 градусқа апарылады,сүйеу үстелге алақанмен жоғары қарай теңделеді және ажыратылқан саусақтардың ұшына тіркеледі. Ұштарын тіркеу келесі тәсілмен жүзеге асырылады: қолдың астына өлшемі 25Х20Х2 см болатын тақтай қою керек,әр саусақтың қарама-қарсы жағындағы тақтайға 3-4 см болатын шегелер қағып, әр саусақтың жұмсақ тырнақ фалангаларын жуан жіппен тігіп тастау керек, бұл жіпті шегелрге қатты байлап тастак керек. Артқы облыстарды препараттау үшін мәйітті ішке қаратып жатқызады және жоғарғы бөлігі дял осындай тәсілмен тіркеледі.

Тізе және сан беткейінің препаровкасы

Төменгі бөліктің алдыңғы беткейінің препаровкасы үшін мәйіт арқада жатады, артқы бөлігінің препаровкасы үшін- іште жатады. Түпкілік сәл жылжытылады да, сыртқа қарай ротирленеді.

Екі ажыратылған бөліктердің арасындағы бұрыш жобалағанда 40 градусқа тең болу керек. Тізенің өңделуі үшін, түпкілік керісінше ішке қарай ротирленеді. Артқы бөліктің препаровкасы кезінде мәйіттің ішінің астына бөксені сәл көтеру үшін үйінді қою керек.

Студент бөкселік, сандық,табандық облыстың препаровкасы үшін мәйіттің сырт жағында орналасады. Табан препаровкасын табанға қарама-қарсы орналасып орындау ыңғайлы. Препаровка орталықтан шеткері аймаққа қарай орындалады.

Қорытынды

Жалпы препаровка бұл ғылыми зерттеулер үшін материал дайындау үдерісі, сонымен қатар зерттелетін материалдың, яғни мәйіттің құрылысын зерттеу.Әдіс қарапайым анатомиялық құралдар(скальпель, пинцет т.б.) арқылы ағзалардың құрылысын, өзара орналасуын, топографиясын зерттеуге көп септігін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Рақышев А. Адам анатомиясы. 1995;

У.Ж. Жұмабаев, Ё.Б. Әубакиров, Т.М. Досаев. Адам анатомиясы: Атлас. 2005;

www.google.ru

Предыдущий:

Следующий: