Реферат 8


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Анатомия кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол

жақтығын ерекшеліктерін анықтау

Орындаған: Ұзақбай М.О.

1-022 топ ЖМФ

Тексерген: Шапатова Г.Б.

ҚАРАҒАНДЫ 2014 ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Бас сүйектері

Бұғана

Жауырын

Қабырға

Тоқпан жілік

Білек сүйектері

Қолбасы сүйектері

Жамбас белдеуі

Ортан жілік

Сирақ сүйектер

Аяқбасы сүйектері

II.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сүйектер туралы ілім – остеология. Қаңқа механиалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тканьдерінен көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады, солармен бірге қимыл аппаратының пассивті бөлімін құрайды. Сүйек тірі организмнің мүшесі ретінде бірнеше тканьдерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек ткані.

жұп сүйектерге – бассүйектің самай, бет, төбе, таңдай көзжасы сүйектері. Сонымен қоса бұғана, жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, кәрі жілік шыбығы, қолбасы сүйектері, жамбас, ортан жілік, асықты жілік, асықты жілік шыбығы, аяқбасы сүйегі және қабырғалар жатады. Денедегі әр сүйектің қызметі, түрі, дамуы әрқалай болады. Жұп сүйектер симетриялы дамиды.

Бас сүйектері:

Самай

Төбе сүйегі

Таңдай сүйегі

Көзжасы сүйегі

Бет сүйегі

Самай сүйегі

Қабыршақтың сыртқы беті тегіс, самай шұқыршағын түзуге қатысады да , сондықтан facies temporalis деп аталады. Одан бет сүйегімен қосылуға алға қарай кететін бет өсіндісі processus zygomaticus шығады. Басталатын жерінде бет өсіндісімен 2 түбірі бар: алдыңғы және артқы, олардың арасында төмеңгі жақсүйекпен буындасу үшінқажет шұқыршақ fossa mandibularis орналасады.

Төбе сүйегі

Оның 4 жиегі көрші сүйектермен байланысуға қызмет етеді, атап айтқанда:

Алдыңғы жиегі – маңдай сүйегімен margo frontalis

Артқы жиегі — қарақұспен margo ossipitalis

Медиальді жиегі – басқа жағының аттас сүйегімен margo sagittalis

Латеральды жиегі – самай сүйегінің қабыршағымен margo squamosus.

4 бұрышының алдыңғы медиальдысы маңдай сүйегімен, алдыңғы латеральдысы сына тәрізді сүйекпен, артқы медиальдысы қарақұспен, артқы латеральдысы самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің табанымен байланысады.

Таңдай сүйегі

2 пластинкадан тұратын жұқа сүйек түрінде болады.

горизонталь пластинкаарт жағынан processus palatinus maxillae-ні толықтырып қатты таңдай түзеді. Төмеңгі бетінде үлкен таңдай тесігі foramen palatinum majus бар, ол арқылы canalis palatinus major-дан таңдай тамырлары мен нервтері шығады.

перпендикуляр пластинка facies nasalis maxillae-ге жанасып жатады.

Көзжасы сүйегі

Оның латеральды бетінде көзжас қырқасы орналасқан. Қырқадан алға қарай көзжас жүлгесі sulcus lacrimalis өтеді, ол жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісіндегі жүлгемен бірге көзжас қапшығы шұқыршағын түзеді.

Бет сүйегі

Сүйектің орналасуына сәйкес онда 3 бет пен 2 өсіндіні бөліп көрсетуге болады. Бүйір бет facies lateralis, төртұшты жұлдыз тәрізді және төмпешік түрінде шамалы шығып тұрады.артқы, тегіс бет, самай шұқыршағына қараған және facies temporalis деп аталады. Үшінші бет көз беті facies orbitalis көз шарасы қабырғаларын түзуге қатысады.

Бұғана

Бұғана жіктелу бойынша аралас сүйектерге жатады және дене мен екі медиальді және латеральді ұшқа бөлінеді. Қалыңдаған медиальді немесе төстік ұшында, extremitas sternalis, төстікпен буындасуға арналған ершік тәрізді буын беті болады.

Латеральды немесе акромиальді ұшында extremitas acromialis, жазық буын беті жауырын акромионымен буындасатын жер орналасады. Оның төмеңгі бетінде төмпешік tuberculum conoideum жатады.

Бұғананың денесі төстікке жақын медиальді бөлігі алға қарай дөңес, ал латеральді бөлігі артқа қарай дөңес болатындай етіп йілген.

Жауырын

Жауырынның алдыңғы қабырғаларға қараған беті facies costalis деп аталатын жалпақ батыңқы жер болып табылады, ол жерге m.subscapularis бекиді.

Артқы бетінде facies dorsalis жауырын қылтанағы spina scapula өтеді, ол бүкіл артқы бетті тең емес екі шұқыршаққа бөледі: қылтанақүсті fossa supraspinata және қылтанақ асты fossa infraspinata шұқыршақтарына бөледі.

Қабырғалар

Әр жақта 12 ден қабырға болады. Олардың барлығының артқы ұштары көкірек омыртқаларының денелерімен қосылады. Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы ұштарымен тікелей төстікпен қосылады. Бұлар нағыз шын қабырғалар. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы ұштары бос жатады, бұлар толқушы қабырғалар.



Артқы ұшында қырқамен бөлінген буын беті бар қалыңдау қабырға басы болады, сол арқылы қабырға омыртқалардың денелерімен буындасады.

Тоқпан жілік

Үстіңгі айдаршықтар арасында білек сүйектерімен буындасу үшін қажет буын беті (дистальді эпифиз) орын алады. Ол екі бөлікке бөлінеді: ортасында ойығы бар көлденең орналасқан кішкене жал түріндегі блок trochlea медиальді жатады; ол шынтақ сүйекпен буындасу үшін керек және оның ойығымен incisura trochlearis қаусырылады.Блоктан жоғары бір-бірден шұқыршақ жатады: алдыңғы төбе шұқыршағы fossa coronoidea артынан шынтақ өсіндісі шұқыршағы fossa alecrani.

Білек сүйектері

Білек сүйек ұзын қуысты сүйектерге жатады. Олар екеу:

Кәрі жілік медиальді орналасады ulna

Кәрі жілік шыбығы латральді орналасады radius

Қол басы сүйектері

Білезік-carpus

Алақан-metacarpus

Саусақ сүйектері-оssa digitorum

Білезік

Білезіктің проксимальді немесе бірінші білекке жақын қатары егер бас бармақтан бастап санасақ мына сүйектерден түзілген: ладья тәрізді os scophoideum, жартылай os lunatum, үшқырлы os triquetrum және бұршақ тәрізді os pisiforme.

Алақан

Бес алақан сүйектерінен түзіледі, олар типі жағынан бір нағыз эпифизі бар қысқа қуыс сүйектерге жатады және бас бармақ жағынан бастап І, ІІ, ІІІ және т.с.с деп реттеліп саналады.

Саусақ сүйектері

Кішкентай нағыз бір эпифизі бар, бунақ деп аталатын бірінен соң бірі орналасқан қысқа қуыс сүйектер. Проксимальді бунақтың табанында сәйкесті алақан сүйектің жұмыр басымен буындасуға арналған нағыз буын шұқыршағы, ал ортаңғы және дистальді бунақтарда қырқашықпен бөлінген екі-екіден жайпақ шұқыршақтар болады.

Әрбір саусақ 3 бунақтан тұрады: проксимальды , ортаңғы және дистальді. Тек бас бармақта ғана екі проксимальді және дистальді бунақ болады.

Жамбас белдеуі

Жамбас сүйек жалпақ сүйектерге жатады да, қорғаныш, қозғалғыш қызметін атқарады. Os coxa. 3 бөлімнен тұрады: мықын, шондонай, шат.

Ұршық ойығы acetabulum ( сірке суы ыдысы) жамбас сүйектің сыртқы жағында орналасады және ортан жілік басымен буындасуға арналған.

Ортан жілік

Ортан жіліктің денесі алға қарай шамалы иілген және үшқырлы дөңгелектерден пішінді: оның арт жағында 2 латеральды, labium laterale және медиальды labium mediale еріннен тұратын сан бұлшықеттері бекитін із, linea aspera орналасқан.

Сирақ сүйектері

Сирақ қаңқасы жуандығы бірдей емес 2 ұзын қуыс сүйектен – асықты жілік пен оның шыбығынан тұрады.

Асықты жілік-медиальді

Ал асықты жілік шыбығы – латеральды жатады. Бұл екеуінен тек асықты жілік қана тізе буыны арқылы ортан жілікпен буындасады.

Аяқбасы сүйектері

Тілерсек-tarsus

Табан-metatarsus

Башпай-Phalanges digitorum pedis

Тілерсек

Қол қоспасы сүйектері сияқты екі қатарға орналасқан жеті қысқа кеуек сүйектен түзілген. Артқы немесе проксимальді қатар екі біршама ірілеу сүйектен асық және оның астында жатқан өкше сүйектен құралады. Алдыңғы немесе дистальды қатар медиальды және латеральды бөлімдерден тұрады.

Медиальды бөлім ладья тәрізді және 3 сына тәрізді сүйектен түзілген.

Латеральды бөлімде тек 1 ғана куб тәрізді сүйек жатады.

Табан

Табан қысқа моноэпифизарлы қуысты сүйектерге жататын және қолдағы алақан сүйектеріне ұқсайтын 5 табан сүйектерінен тұрады. Оларды аяқбасының медиальды жиегінен бастап санайды.

Башпай сүйектер

Аяқбасының башпай сүйектері бунақтар қолбасының осындай сүйектерінен кішілеу шамаларымен өзгешеленеді. Тек екі бунағы бар І башпайды қоспағанда аяқбасы башпайлары, қолбасы саусақтары сияқты 3 бунақтан тұрады. Дистальды бунақтардың ұшында жуандаған жері tuberositas phalangis distalis болады, бұл олардың басты ерекшелігі болып табылады. Тобық сүйектер табан бунақ буындасулары ( І башпай аймағында тұрақты) мен І-ші башпайдың буынаралық аймағында кездеседі.

Қорытынды

Кез- келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тканьді клеткалар – остеобластар есебінен жүреді, оларды басты тірек ролін атқаратын клеткааралық сүйек заты жасап шығарады. Қаңқада мынадай топтарын ажыратады: тұлабой қаңқасы (омыртқалар, қабырғалар, төстік), бас қаңқасы (бассүйек пен бет сүйектері), қол – аяқ сүйектері- иық белдеуі (жауырын, бұғана) және жамбас белдеуі (жамбас астауы) және қол сүйектері (тоқпан жілік, кәрі жілік және қол басы), аяқ сүйектері (ортан жілік, сирақ сүйектері және аяқ басы). Ересек адамның қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан және тақ, қалғандары – жұп сүйектер.

Пайдаланылған әдебиеттер

Алшынбай Рақышев. Анатомия. Алматы білім баспасы 1994 ж. І кітап

Интернет сайттары




Предыдущий:

Следующий: