Реферат 16


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.Қалыпты анатомия кафедрасы.

Реферат

Тақырыбы: Буындағы қозғалысты модельдеу.

Орындаған: Ұзақбай М.О.

1-022 топ ЖМФ

Қабылдаған: Шапатова Г.Б.

Қарағанды 2014 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Буын түрлері

Тұлға сүйектері мен Бас сүйектерінің аралығындағы байланыстары.

Қолдың буын мен байламдары.

Аяқтармен буындары мен байламдары.

Қозғалыстардың түрлері

3.Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді артрология artologia, деп атайды. Сүйек аралық байламдар, буындар, шеміршектік және сүйектік ткандар байланысы мен адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені құрайды.

Сүйек аралық байланыстардың түрлері.

Эмбриондық дамуына байланысты сүйек аралық байланыстардың үш түрін ажыратады:

1 Үздіксіз байланыстар- Snartrosis, сүйек аралық байланыстардың байырғы түрі болып саналады. Байланыстардың бұл түрінде сүйек аралық қуыс болмайды, олар өзара үздіксіз дәнекер ткандар немесе сүйектік ткандар арқылы байланысқан.

2 Үзілісті байланыстар, diarthosis, немесе синовиалды байланыс, junctura synovialis немесе буындар, articulatio, деп аталады.

3.Бұл байланыстардың үздікті байланыстан айырмашылығы: аралығында сүйекаралық саңылау, ішкі беті синовиальды қабатпен көмкерілген, буын қапшығы мен буын беттерінен тұрады.

4.Жартылай үздікті байланыстар, hemiarhrosis, немесе симфизді, symphisis, байланыстар деп аталады. Байланыстың бұл түрінде үздіксіз және үздікті байланыстарға тән қасиеттер де кездеседі.

Тұлға сүйектері сүйектері мен бас сүйектерінің аралығындағы байланыстар

Омыртқа денелері, corpus vertebrae, бір-бірімен омыртқа аралық дискілермен, discus intervertebralis, және омыртқа аралық симфиздер, symphisis intervertebralis, арқылы үздіксіз байланысқан. Омыртқа аралық дискілердің ауыз омыртқа (атлант) мен біліктік омыртқалардың аралығында болмауы бұл омыртқалардың үздіксіз буын арқылы байланысқандығында. Қызметі: омыртқағатүсетінсалмақтыжеңу.

Бас сүйектің ауыз омыртқасы мен біліктік омыртқалардың аралығындағы байланыстар.

Атлант- шүйделік буын, articulatio atlantooccipitalis, Буын басы, шүйде сүйегінің айдаршығының, condylys occipitalis, буын бетінен тұрса, буын ойысы атланттың немесе ауыз омыртқаның жоғарғы буын ойысының буын бетінен, facies articularis superior, тұрады. Буын басының буын беті буын ойыста қарағанда шағын келген. Буын беттері гиалинмнен көмкерілген. Буын беттерінің сыртқы пішініне қарай эллипс немесе айдаршық тәрізді құрама буын, articulatio combinata, жатады.

Алдыңғы атлант-шүйделік жарғақ. Memrana atlanto-occipitalis anterior, ол ауыз омыртқаның алдыңғы доғасы мен шүйде сүйегінің үлкен тесігінің алдыңғы жиектерінің аралығында өзара тартылып орналасқан.Қызметі: буынның тым шалқаюын тежеу.

Атлант- шүйделік артқы жарғақ, memranaatlanto- occipitalis posterior. Ол жарғақ шүйде сүйегінің үлкен тесігінің артқы жиегінен басталып, ауыз омыртқаның артқы доғасына барып бекиді. Қызметі: атлант –шүйделік буынның тым алға қарай иілуін тежеу.

Қабырға –омыртқа буыны

Қабырғаның омыртқалық ұшы, омыртқамен екі буын арқылы буындасады.Қабырға басының буыны, articulatio capiticostalae, Бұл буынның басы қабырғалардың басының буын бетінен тұрса, буын ойысы омыртқалардың денесінің бүйір қапталындағы буындық ойығынан тұрады.



Қолдың буындары мен байламдары

Шынтақ буыны, articulatio cubiti. Бұл буын күрделі буындарға, articulatio composita, жатады. Шынтақ буыны байламдары:

1 Коллатералдық шынтақ жіліктік байлам, lig collaterale ulnare, Бұл байлам тоқпан жіліктің медиальды айдаршық үстілік өсіндінің негізінен басталып, төмен бағытта желпуіш тәрізді жалпақтау келіп, шынтақ жіліктің шығыршықтық тілігіне, incisura trochlearis, барып бекінеді.

2 Коллатералдық кәрі жіліктік байлам, lig. collaterale radiale, ол тоқпан жіліктің латеральды айдаршық үстінен басталып, төмен бағытта өтіп кәрі жіліктің мойынының тұсында алдыңғы және артқы будасына бөлініп, шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігінің алдыңғы және артқы жиегіне барып бекиді.

Аяқтың буындары articulationesmembri

Жамбас белдеу сүйектерінің буындары мен байламдары articulationes cinguli membri inferioris.

Еркін орналасқан аяқтың буындары мен байламдары articulationes membri inferioris

Аяқ буындары мен байламдары

Жамбас белдеуі сүйектері бір-бірімен өзара сегізкөз- мықын және шат сүйегінің қасағасы арқылы буындасқан. Сегізкөз –мықын буыны articulatio sacroiliaca жұп буыны. Бұл буынның буын беттері: сегізкөздің құлақша тәрізді беті, facies auricularis мықын сүйегінің құлақша тәрізді буын беттерінің өзара беттесуінен құралған.

Аяқтың еркін орналасқан сүйектерінің буындары мен байламдары

Мықын –сан байламы, lig. iliofemorale, Ұршық буынның алдыңғы бетінде орналасқан мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қылқанынан басталып, төмен және латеральды бағытта өтеді де, ортан жіліктің ұршық аралық сызықшасына бекиді.Қызметі: ұршық буынының жазылуын тежеп, тұлғаны тік ұстау.

Тізе буыны, articulatio genus. Буынды құраушы сүйектердің санына қарай күрделі буындарға жатады. Буын басы: ортан жіліктің айдаршағының буын бетінен тұрса, буын ойысы: асықты жілік айдаршағының буын бетінен және тізе тобығының буын қуысына қараған буын бетіне тұрады.

Буында болатын қозғалыстың көлемі

Бір білікті буын

Екі білікті буын

Үш білікті буын

Цилиндр тәрізді буындарда: Бұндай буындарда ішке қарай- pronatio сыртқа қарай- supinatio . Айналу қозғалысты қамтамассыз етеді

Шығыр тәрізді буындар: қол басы мен аяқ басы бақайшықтары мен башпай аралық буындар. Біліктің бойында иіледі –flexio, жазылады-extenso

Элипс тәрізді буындар , articulatioellipsoidea. Бұл буындарда қозғалыстар фронтальді және сагитальді біліктердің бойында қозғалады. Иіледі-flexio, жазылады- extensioәкелу- adductioәкету- abductio.

Ершік тәрізді буын , articulatioselaris. Қозғалыстың көлемі иіледі-flexio , жазылады- extenso

Айдаршық тәрізді буындар, articulationes bicondularis .Айдаршық тәрізді буындарда қозғалыстар екі біліктің бойында : иіледі- flexio ,жазылады- extenso, айналма бағытта-circumductio.

Жаңғақ тәрізді буын , articulatiocotylica. Қозғалыстың көлемі –үш біліктің бойында шар тәрізді буындарға қарағанда шектеулі келеді . Мысалы: жамбас буыны.Жалпақ буындар, articulationes plane . Қозғалыстар үш біліктің бойында жылжымалы түрде қозғалады. Мысалы: омыртқа аралық буын.

Қорытынды

Қорытындылайкеле, адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бір-бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы байланыстардың ішкі құрылымы олардың иілгіштігі, созылмалағы және буындарда болатын қозғалыстың көлемі, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1“Атлас. Адам анатомиясы”. 1-ші том.2005ж.

2 Алшынбай Рақышев. “ Адам анатомиясы”. 1994ж.

3 Фрэнк Неттер. “Атлас. Анатомии человека”. 4-е издание. 2007г.

4 WWW.google.ru .




Предыдущий:

Следующий: