Реферат 12


Қарағанды Мемлекеттік Медицина УниверситетіАнатомия кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Омыртқа жотасының иіліс сатыларының анықтығына сәйкес дене түрлерін анықтау.

Орындаған: Ұзақбай М.О.

1-022 топ ЖМФ

Тексерген: Шапатова Г.Б.

ҚАРАҒАНДЫ 2014 ж.

Кіріспе

Негізгі бөлім

Омытқа жотасының қызметі және маңызы

Омыртқа жотасының иілімдері

Оның құрылысы

Сколиоз

Дисктер грыжасы

Остеохондроз

Лордоз және Кифоз

3. Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе:

Омыртқаға көп күш түседі.Адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалады. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды, бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмыс жасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауру қылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады.

Омыртқа жотасы біздің денесіндегі негізгі тірек жүйесі. Егер омыртқа жотасы болмаса адам жүре де алмайды, денесін тік ұстай да алмайды. Омыртқа жотасының тағы бір маңызды қызметі жұлынды қорғау. Сондықтан, адамның денесі сау болуы үшін омыртқаны үнемі жаттықтыру, остеохондрозды омыртқа жарығына (грыжа дисков) дейін асқындырмау қажет. Ересек адамдардың омыртқа жотасы 4 иілімді болады. Алға карай иілген бөлігін лордтар, ал артқа қарай иілген бөлігін кифоздар деп атайды. Солардың арқасында адам көптеген ауыр заттарды көтере алады. Жас сабилерде лордтар мен кифоздар алі дамымайды. Олардың омыртқа жотасының иілімдері алғашқы қадамын істеген күннен бастап дамиды. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқа сүйектерінен және 5 аймақтан тұрады: мойын аймағы – 7 омыртқа сүйектерінен, кеуде аймағы – 12, бел аймағы – 5, сегізкоз аймағы – 5 және құйымшақ аймағы 4-5 омыртқадан турады. Ересек адамдарда сегізкөз бен құйымшақ аймағының омыртқалары бітісіп сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды. Омыртқа жотасының сүйектері денесінен және 7 өсінді тарайтын доғадан тұрады. Олар: қылқынды өсіндісі, 2 көлденең өсіндісі және 4 буындық өсінділері.

Омыртқа арасында шеміршек пен сіңір болады. Жарақат алғанда, ауыр көтергенде шеміршек жарылып кетеді де, омыртқа арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Екі аяққа күш түсіп, шыдатпай ауырады. Омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын — адам ағзасының ең маңызды органы. Жұлыннан қан тамырлары мен жүйке тамырлары шығады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Яғни, ішкі органдардың холестицит, панкреотит, простатит, белсіздік, жүректің, ішектердің, зәр жүру жолының ауруларын асқындырады.

Сколиоз – ол көбінесе жас өспірімдер мен мектепке дейінгі балаларда кездесетін омыртқа жотасының ауруы. Егер сыртынан карасақ омыртқа жотасының иілуі байламдар мен суйекке байланысты S тәрізді болып келеді. Сколиозды омыртқа бұзылысымен жиі шатастырады. Бірақ сколиоз омыртқа бұзылысының күрделі түрі. Омыртқа жотасының бұзылысы: баланың дұрыс отырмауын, қозғалуын қадағаламаса немесе кальций жетіспесе, бұлшықет әлсірегенде байқалады. Қазіргі жас өспірімдердің, оқушылардың біриықты сумкалары, ауыр кітапты котерулері, ыңғайсыз парталар сколиоздың дамуына алып келеді.

Дисктер грыжасы

Дисктер грыжасы- ол тірек-қимыл жүйесінің ең қауіпті ауруларының бірі. Дисктер грыжасының пайда болу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Жастық ерекшеліктер де әсер етеді. Диск грыжасы былай п. б. – оның қабағы жарылып, құрамындағы заттар жұлынға еніп, оны ығыстырады. Грыжаны хирургиялык операция аркылы емдеуге болады, бірақ ол омыртқа жотасының басқа аймағының бұзылуына акелуі мүмкін. Ең тиімті тәсілі комплексті емдеу: мануальді терапия, физиотерапия және массажды.



Остеохондроз

Остеохондроз – қабырға аралық дисктердің құрылысының өзгеруінен болатын патологиялық ауру. қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек, aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді екен.

Лордоз

Лордоз – ол туа пайда болған немесе жүре пайда болған омыртқа жотасының мойын және бел аймағындағы алға қарай иілуі. Лордоздың п. б. себебі:

— жамбас бел буынының шығып кетуі (бұл жағдай белдің алға қарай шығып кетуіне себеп болады);

— іш аймағындағы майлардың тым артық мөлшерде жиналуы оның дамуына әсер етеді.

Лордоз омыртқа жотасының бұзылуына, байламдары мен бұлшықеттерінің тартылуына алып келеді. Одан басқа ол жүректің, өкпенің, асқорту жолының жұмысын бұзады. Науқастың жиі басы ауырып, тез шаршап, организмінде зат алмасу процесі бұзылып, жалпы жағдайы нашарлайды.

Лордоз комплексті емдеу тәсілін талап етеді. Яғни: бандаж тағу, арнайы арналған массаждар, гимнастикалық жаттығулар және т.б.

Кифоз

Кифоз – ол омытрқа жотасының артқа қарай тым иілуінен пайда болатын ауру.

Кифоздың 2 түрі бар:

- физиологиялық кифоз (нормада ересек адамдарда байкалады)

- патологиялық кифоз, ол рахиттің, туберкулездің әсерінен бір не бірнеше омыртқаның зақымдануынан, омыртқа жотасының бұзылуы және т.б. көптеген себептерден дамиды.

Кифоз «дөңгелек арқаның» пайда болуына алып келеді, иықтар алға қарай «салбырап» қалады. Белдің еңкейу бұрышы азайып, іш алға қарай шығып тұрады.

Кифозды емдеу тәсілі комплексті болуы қажет: массаж, ФТО, гимнастикалық жаттығулар. Олардың арқайсысы кифоздың даму деңгейіне, бұлшықет жүйесіне жағдайына, таға да басқа сырқаттарына қарай таңдалады.

Омыртқа жотасының ауруларын емдеу

Емдеу тәсілдері:

емдік массаж

мануальді терапия

физиотерапия

емдік физкультура

емдік дәрілердің көмегімен.

Ең бастысы омыртқа жотасының ауырсынуы кезінде дәрігерге дәл уақытында бару болып табылады. Себебі: егер ауру аскынған болса ол басқа жүйелердің де бұзылуына алып келеді.

Омыртқа жотасының аурулары кезінде көбінесе жоғарыда айтып кеткендей комплексті емдеу тәсілдерін қолданады. Егер ауру тым асқынып кеткен болса онда операциялық жолдарды қолданады.

Қорытынды

Омытқа жотасының ауруларының қай-қайсысы болса да өте зиян болып табылады. Себебі: оның бұзылыстары жұлынның зақымдануына алып келеді. Егер жұлынның кеуде аймағы зақымданса колдардың, кеуде-бел аймағында зақымданса ішкі ағзалардың, егер бел аймағы зақымданса аяқтардың жұмысының бұзылысына алып келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

“Атлас. Адам анатомиясы” А. Рақышев.1-ші том.2005ж.

“ Адам анатомиясы” А. Рақышев. 1994ж.

“Атлас. Анатомии человека” Фрэнк Неттер. 4-ші басылым. 2007ж.

Www.google.ru.




Предыдущий:

Следующий: