отввв


60 — Ұлт Мәселесі — ұлттардың, этникалық топтардың, халықтардың арасындағы саяси, экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық және мәдени қатынастардың жиынтығы. Ұлт Мәселес негізінен ұлттардың дербестікке ұмтылуымен, ұлттық санасының өсуімен және олардың әлемдік экономикалық, ғылыми-техикалық, мәдени даму үрдісіне араласуға ұмтылысымен байланысты туындайды. Ұлт Мәселесі ұлт өмірі мен ұлт қозғалысының жандануы, ұлттық езгінің қандай түріне болсын қарсылық ұлттық мемлекет құру, т.б. мәселелерді қамтып, әлемдік нарыққа, саяси, экономикалық өмірге белсене араласумен сипатталады.

59 — Этнос, этникалық қауымдастық — [грек, ethnos - тайпа, халық] — бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. «Этнос» ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, «этнос» ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып «этнос» ұғымына анықтама берген М. Вебер: «Этнос — мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ». Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.

57 — Саяси биліктаптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады.

58- Саяси биліктің легитимділігі — халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз — халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

56- Билік ұғымы.Билік тұжырымдамалары. — Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.

54-Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: мәселелері мен қиыншылықтары. Егемен Қазақстанның саяси проблемалары

Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері:проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы

48-Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.

Қазақстанның сыртқы саясаты Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.



47-Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері. Халықаралық қақтығыстар.

САЯСИ ҚАҚТЫҒЫСТАР 

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік қақтығыстар, қарама-қайшылық, саяси күрес, саяси қақтығыс, саяси қақтығыстың субъектілері, саяси қақтығыстардың типологиясы және динамикасы. 1. Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі орны 2. Саяси қақтығыстардың типологиясы және динамикасы 3. Саяси қақтығыстарды реттеу технологиялары 4. ТМД елдеріндегі саяси қақтығыстар

Казіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары Көппартиялық — азаматтық қоғамның аса маңызды нышаны. Бірақ қоғамдық және саяси күштерді бөлшектеу, оларға іріткі салу, азаматтық қоғамның әлсіздігі, экономикалық дағдарыс және экономиканың қожырауы, халықтың едәуір бөлігі арасындағы саяси енжарлық және демократиядан түңілушілік бүл институттың көпшіліктің өкілі болатын институт ретінде дамуына мүмкіндік бермей отыр. Егер көппаритялық түрін анықтау үшін Д. Сарторидің партиялық жүйелерді топтауына жүгінетін болсақ, әрқайсысына сапалық ерекше айырмашылықтары тән партиялар жүйесінің 7 үлгісінің ішінен Қазақстандағы жағдайға тұйықталған көппартиялық жүйе үлгісі сәйкес келер еді.

46 — Геосаясат. Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

Халықаралық қатынастар субъектілері. Бүгінгі курстық жұмысымның тақырыбы – халықаралық қатынастардағы аумаққа қатысты проблемаларды шешу.

Халықаралық қатынастар теориясы — ортақ заңдылықтарға негізделген құрылымдары бар халықаралық қатынастар жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын зерттейді.

Халықаралық қатынастар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.

Халықаралық деңгейдегі саяси іс-әрекет бүтіңдей бір мемлекет пен халықтың тағдырын айқындайды. Демек, қазіргі әлем бір-бірімен өзара байланысқан көптеген халықтар мен мемлекеттердің күрделі жүйесі болып саналады. Олардың арасында түрі мен мазмұны әртүрлі қатынастар болады. Әлемдік саяси процестің негізгі субъектісі — халықтар. Халықаралық қатынастардың субъектілері — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлтаралық корпорациялар, солтүстік құрылымдар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жеке адамдар.

45 — Дүниежүзілік саясат ұғымы Халықаралық қатынастар және дүниежүзілік саясат:ұғымдары, жүйелері, теориялары; Халықаралық қатынастар субъектілері; Геосаясат: ұғымы, негізгі тұжырымдамалар; Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.

Халыкаралык катынатар Мемлекеттер, ұлттар, мемлекет одақтары арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстары мен қарым-қатынастар

Халыкаралык катынатар турлери - Саяси; Экономикалық; Ғылыми-техникалық; Идеологиялық; Халықаралық-құқықтық; Әскери-стратегиялық; Мәдени




Предыдущий:

Следующий: