физика экзамен вопросы


Емтихан сұрақтары:

I Механиканың физикалық негіздері

1. Қозғалыстың кинематикалық сипаттамасы. Орын ауыстыру. Жол.

Жылдамдық және үдеуді радиус векторының уақыт бойынша туындысы

ретінде. Кинематика теңдеулері.

2. Қатты дененің айналмалы қозғалыс кинематикасы. Бұрыштық жылдамдық

және бұрыштық үдеу. Бұрыштық және сызықтық сипаттамлардың арасындағы байланыс.

3.Материалды нүктелердің қисық сызықты қозғалысы.Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен удеу.Тангенциал және нормал удеу.

4.Материалды нүкте динамикасы. Динамиканың негізгі есебі.Кеңістік пен

уақыт. Механикадағы моделдер (үлгілер): материалдық нүкте, абсалют қатты

дене. Қозғалыс теңдеуі.

5. Классикалық физикадағы күй түсінігі. Масса, импульс, Күш. Ньютон

заңдары. Материалды нүктенің қозғалыс теңдеуі.

6. Механикалық жүйенің массалық центрі және оның қозғалыс заңы. Қатты

дененелердің ілгерілемелі қозғалыс теңдеуі.

7. Механикалық жүйе. Сыртқы және ішкі күштер. Ньтонның үшінші заңы.

Денелердің тұйықталған жүйесі.Импульстің сақталу заңы. Серпімді және

серпімсіз соқтығысулар.

8. Консервативті және консервативті емес күштер. Сыртқы күш өрісіндегі

бөлшектің потенциалды энергиясы және оның консервативті күшпен

байланысы. Бөлшектер жүйесінің потенциалды энергиясы.

9. Қатты дененің айналмалы қозғалысының динамикасы. Күш моменті.

Импульс моменті. Материалды нүктелер үшін моменттер теңдеуі.

10. Бөлшектер жүйесінің импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы.

11. Қатты дененің бекітілген оське қатысты айналмалықозғалысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Дененің инерция моменті. Штейнер теоремасы.

12. Инерциалдық санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық

принципті және Галилейдің салыстырмалылық принципі. Ньютон

механикасындағы жылдамдықтарды қосу заңы.

13. Күштер жұмысы және оны қисық сызықты интеграл арқылы өрнекту.Қуат.

14.Бөлшектердің және бөлшектер жүйесінің кинетикалық энергиялары.

Кинетикалық энергияның жұмыспен байланысы. Айналмалы қозғалыс кезіндегі

жұмыс және энергия. Қатты дененің жазық қозғалысы кезіндегі энергиясы.

15. Бөлшектердің және бөлшектер жүйесінің потенциалдық энергиялары.

Толық механикалық энергияның өзгеру заңы. Механикалық энергияның

сақталу заңы.Энергияның жалпыфизикалық сақталу және айналу заңдары.

16.Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттары. Лоренц

түрлендірулеру.

17. Лоренц түрлендірулерінің салдарлары. Лоренцтік қысқару. Түрлендіру

инварианттары.

18. Релятивистік динамика. Релятивистік импульс. Релятивистік динамиканың қозғалыс теңдеуі.

19. Кинетикалық энергия үшін релятивистік өрнек. Тыныштық

энергиясы.Толық энергияның импульспен байланысы. Масса мен энергияның өзара байланыс заңы.

II Статистикалық физика және термодинамика

20.Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері.

Термодинамикалық жүйелер, процестер параметрлері.

21. Газдардың молекула-кинетикалық теориясы (МКТ). Қысым үшін МКТ

негізгі теңдеуі. Температураның МКТ тұрғысынан түсіндірілуі.

22. Энергияның молекулалардың еркіндік дәрежесі бойынша біркелкі таралу

заңы. Идеал газдың ішкі энергиясы.

23. Жылдамдық және энергия бойынша молекулалардың үлестірулеріне

арналған Максвелл заңы. Молекулалардың орташа квадраттық, орташа

арифиметикалық және ең ықтимал жылдамдықтары.

24. Барометрлік формула. Сыртқы потенциалдық өрістегі бөлшектердің

таралуына арналған Больцман заңы.

25.Термодинамикалық параметрлер. Процестер және тепе-теңдік күйлер. Идеал газдағы изопроцестер.Идеал газ күйінің теңдеуі.

26. Адиабаттық процесс. Пуассон теңдеулері. Адиабаттық көрсеткіш.

27. Жүйенің ішкі энергиясы, жұмыс және жылу мөлшері. Термодинамиканың

бірінші бастамасы және оған изопроцесстерді қолдану.

28. Жылусыйымдылық. Дененің жылусыйымдылығы, меншікті және мольдік

жылусыйымдылық. Майер формуласы.

29. Идеал газ жасайтын жұмыстар және оны әр түрлі процесстер үшін есептеу.

30. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Термодинамиканың екінші

бастамасы және оның Клаузиус, Томсон тұжырымдамалары.

31. Энтропия және оның қасиеттері. Энтропия статистикалық түсіндірмесі және оның термодинамикалық ықтималдылықпен байланысы.

32.Жылу машиналары. Жылу машиналарының термиялық ПӘК-і. Карно циклі және оның ПӘК-і.

33.Термодинамикалық тепе-теңсіз процестердегі тасымал құбылыстары. Ағын және ағынның тығыздығы.

34.Диффузия. Фик заңы.

35.Ішкі үйкелісі (тұтқырлық). Тұтқыр үйкеліс үшін Ньютон заңы.

36.Жылуөткізгіштік құбылысы. Фурье заңы.

37. Соқтығысудың орташа саны. Молекулалардың еркін жүру жолдарының

орташа ұзындығы.

III Электростатика. Тұрақты ток

38. Электр заряды және оның қасиеттері. Электр зарядының сақталу

заңы.Электр зарядтарының әсерлесуі, Кулон заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

39. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Нүктелік зарядтың өріс кернеулігі және потенциалы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциал арасындағы байланыс.

40. Электр диполі. Дипольдің электр моменті. Диполь өрісі.

41. Электростатикалық өріс жұмысы. Е векторының циркуляциясы туралы

теорема. Потенциал және потенциалдар айырмасы.

42. Электр өріс кернеулік векторының ағыны. Электростаикалық өріс үшін

Гаусс теоремасы және оны электростатикалық өрісті есептеуге қолдану.

43. Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Диэлектриктердің түрлері және олардың полярлануы. Байланысқан зарядтар. Поляризация векторы.

Поляризация векторы мен кернеулік және байланысқан зарядтардың беттік

тығыздығы арасындағы байланыс.

44. Диэлектриктегі электр өрісі үшін Гаусс теоремасының интегралдық және

дифференциалдық түрлері. Электрлік ығысу векторы.

45. Екі изотропты диэлектрик арасындағы шекаралық шарттар.

46. Сегнетоэлектриктер және оның сиаттамалары.

49. Сыртқы электр өрісіндегі өткізгіш. Зарядтардың өткізгіш бетінде таралуы. Электростатикалық қорған.

50.Оқшауланған өткізгіштің және конденсаторлардың электр сыйымдылығы.

Сфералық, цилиндрлік және жазық конденсаторлардың электр сыйымдылығын есептеу.

51. Электр зарядтар жүйесінің өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған өткізгіш және конденстор энергиялары. Электростатикалық өріс энергиясы. Электр өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.

52. Электр тоғы. Ток күші және ток тығыздығы. Тұрақты токтың болу шарты.

53. Металдардың электр өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясының негізгі қағидалары, оның тәжірибелік негіздемесі.Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі.



54. Бөгде күштер. Ток көзінің Э.Қ.К. Жалпылама Ом заңы.

55. Тұрақты ток жұмысы және қуаты.Джоуль-Ленц заңының интегралдық және дифференциалдық түрлері. Ток көзінің ПӘК-і.

56. Газдардағы және плазмалардағы электр тогы.

IV Магнетизм

56. Вакуумдегі магнит өрісі. Магнит индукция векторы, магнит өрісінің күш

сызықтары. Токтардың магниттік әсерлесуі.

57. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы.Осы заңды пайдаланып,

түзу және дөңгелек токтардың магнит өрісін есептеу.

58. Магнит ағыны. Вакуумдегі магнитостатиканың негізгі теоремалары.

Вакуумдегі магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Циркуляция теоремасын

пайдаланып шексіз ұзын түзу токтың магнит өрісін есептеу.

59. Магнит өріс кернеулігі. Магнит өріс кернеулігі үшін циркуляция теоремасы. Оны пайдаланып, соленоид пен тороидтың магнит өрісін есептеу.

60. Лоренц күші және Ампер күші. Магнит және электр өрістеріндегі

зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Холл эффектісі.

61. Магнит өрісіндегі тогы бар рамка. Магнит өрісінде тогы бар рамкаға әсер

ететін күш моменті. Магнит моменті. Магнит өрісінде өткізгіш пен тогы бар

контурды орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс.

62. Заттардағы магнит өрісі. Зат ішіндегі өріс үшін толық ток заңы. Екі

изотропты ортаның арасындағы шекаралық шарттар.

63. Атомдардың магнит моменттері. Магнит өрісіндегі атом. Диа- және

парамагнетиктер.

64. Ферромагнетиктер, ферромагнетизм теориясының негіздері. Гистерезис

тұзағы.

65. Екі изотропты магнетиктердің шекарасындағы В және Н векторлар үшін

шекаралық шарттар.

Емтихан сұрақтары:

Максвелл теңдеулері

1. Электромагнитті индукция құбылыстары Электромагнитті индукцияның

негзгі заңдары. Ленц ережесі.

2. Өздік және өзара индукця құбылыстары Индуктивтілік. Ұзын соленоид

индуктивтілігі.

3. Электр тізбегін тұйықтау және ажырату экстратоктары.

4. Токтың магнит энергиясы. Магнит өрісінің энергиясының көлемдік

тығыздығы.

5. Электромагниттік индукция құбылысының максвелдік және фарадейлік

тұжырымдаулары. Құйынды электр өрісі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулер

жүйесі. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы

Толқындар мен тербелістер

6. Гармоникалық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Табиғаттағы кез келген тербелістерді түсіндірудегі ұқсастық.

7. Векторлық диаграмма. Тербелістерді қосу.

8. Гармоникалық осцилляторлар: маятниктер,серіппелі және тербелмелі контур. Осцилляторлардың гармоникалық тербелістерінің дифференциалды

теңдеулері.

9. Өшетін тербелістер және оның сипаттамалары. Өшу коэффициенті, өшудің

логарифмдік декременті, сапалылық.

10. Еріксіз тербелістер. Еріксіз тербеліс фазасы және амплитудасы.

Резонанс.Резонанс қисықтары.

11. Толқындық процестер. Бойлық және көлденең толқындар. Толқын теңдеуі.

Фазалық жылдамдық, толқын ұзындығы, толқындық сан.

12. Толқындық теңдеу. Серпінді толқын энергиясы. Умов векторы.

13. Толқындардың суперпозиция принціпі. Топтық жылдамдық. Фазалық және топтық жылдамдық арасындағы байланыс. Қалыпты және аномалды

дисперсия.

14. Толқындардың интерференциясы.

15. Электромагнитті толқындардың дифференциалды тендеулері және оның

қасиеттері. Электромагнитті өріс үшін толқындық теңдеу. Энергия және

энергияның тығыздығы. Пойнтинг векторы. Дипольдік сауле шығару.

16. Жарық -электромагнитті толқын. Жарық интерференциясы. Когеренттілік. Интерференция бақылау әдістері.

17. Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френель әдісі.

18. Саңылаудағы жарық дифракциясы. Дифракциялық және кеңістіктік тор.

Голография.

19. Жарықтың заттармен әсерлесуінің физикалық негіздері. Жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясының классикалық және электронды теориясы.

20. Жарық поляризациясы. Екі диэлектрик орта шекарасындағы жарықтың

шағылу, сыну кезіндегі поляризация.

Кванттық және атом физика

21. Жылулық сәуле шығару сипаттамалары. Абсолют қара дене. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары. Кирхгоф заңы.

22. Абсолют қара дененің сәуле шығару спектріндегі энергия таралуы. Планктың кванттық гипотезасы және формуласы.

23. Фотоэффект. Сыртқы фотоэффект заңдары мен кванттық теориясы.

24. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Комптон

эффектісі.

25. Электромагниттік сәуле шығарудың корпускулалық-толқындық дуализмі.

26. Заттардың корпускулалық-толқындық дуализмі. Де Бройль гипотезасы және оны эксперименталды растау. Де Бройль толқынының қасиеттері.

27. Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы. Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасын кванттық механика есептерін шығаруға қолдану.

28. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы. Кванттық және

классикалық механикадағы бөлшектің күйін анықтаудың принципті

айырмашылықтары.

29. Шредингердің уақыттық және стационар теңдеуі. Қарапайым кванттық жүйе үшін Шредингер теңдеуінің шешімі. Тік бұрышты бір өлшемді потенциалды шұңқырдағы бөлшек. Бордың сәйкестік принціптері

30. Кванттық гармоникалық осциллятор. Нөлдік энергия. Бөлшектердің

потенциалды тосқауыл арқылы өтуі.

31. Сутегі атомының энергетикалық деңгейлері. Кванттық сандардың толық

саны. Паули принципі.

32. Спонтанды және еріксіз сәуле шығару. Лазер сәулесінің элементтері.

Қатты денелер, атомдық ядро және элементар бөлшектер физикасы

33. Кванттық статистика және оны қолдану. Ферми – Дирак және Бозе-

Эйнштейн кванттық статистикалары туралы түсінік. Бозондар мен фермиондар. Ұқсас бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі.

34. Жүйенің химиялық потенциалы (Ферми деңгейі). Металдардағы

электронды өткізгіштік. Металдардың электр өткізгіштігі. Асқын өткізгіштік.

Асқын өткізгіштікті ғылым мен техникада қолдану.

35. Қатты денелердің аумақтық теориясы. Аймақтық теориядағы металдар,

өткізгіштер мен жартылай өткізгіштер. Қоспалы және меншікті жартылай

өткізгіштер. Фотоөткізгіштік.

36. Металдар мен жартылай өткізгіштердегі байланыс (түйіспелі) құбылысы

( Зеебек, Пельтье құбылыстары). Электронды- кемтіктік байланыс (p-n- ауысу).

37. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы және негізгі қасиеттері. Ядролық күштер.

38. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның бөліну реакциясы. Энергия

көздерінің мәселелері.

39. Радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы. Ыдырау түрлері мен

заңдылықтары.

40. Элементар бөлшектер. Фундаментальды әсерлесулер.__




Предыдущий:

Следующий: