астана


Келешекке қол созған — Астана

Сарыарқы төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала-Бас қала,

Астана өсуде.

Күн болып қарайды,

Шуақ болып тарайды

Әлемге нұр шашқан,

Астанам арайлы!

Мамыр айының 28 жұлдызы күні Қарағанды маңызды білім беру «Болашақ» колледжінің

ұйымдастыруымен біз колледж студенттері еліміздің бас қаласы Астана қаласына экскурсияға барып қайтқан болатынбыз. Экскурсияға әр топтан 1-2 баладан іріктелініп алынып шамамен 45 студент барды. Экскурсияға колледж оқытушыларынан Макетова Ардақ Рымхановна және … жетекші болып барды. Экскурсия басталысымен ең алдымен Бейбітшілік пен Келісім сарайына бардық. Бейбітшілік пен келісім сарайы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай. Бұл жерге әртүрлі әлемдік діни дәстүрлердің өкілдері қатысатыны, Мәдениет мұржайында, Өркениет Университетінде, 1500 орындықты опера театрында бас қосатыны ақылға қонымды. Бұл тамашаға қолдау көрсететін төрт мықты тіреуіш – символдық «әлем алақаны». Бұл — діни татулықтың, Қазақстанның еркі мен ашықтығын білдіреді. Пирамида Есілдің сол жағалауымен оң жағалауын байланыстырады. Құрыш, алюминий, көптеген арнайы шыны конструкциялар, техникалық ғаламат ойлар, сәулет өнеріндегі жаңашылдық – ғимаратты шындығында ғажайыпқа ұқсатады. Кейін «Астана-Бәйтерек» монументінде болдық. Монумент металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Келесі барған тамашадай «Думан» Ойын-сауық орталығы. Ол өз қызметін 2003 жылдың мамырында бастады, қазіргі уақытта тропикалық балықтары бар Мұхитарал, 5D – Кинотеатры, «Джунгли» аниматроникстер театры, ғаламат Күмбезді Кеңістігі, тамақтану орындары және сауда жүйесімен ерекшеленетін керемет ойын-сауық кешені болып табылады. Экскурсия уақытында Астана қаласының орталық циркінде болдық. Астана циркі – бір мезгілде 2000дай көрермендерді қамти алады. 2005-ші жылы ашылған бұл ғимарат, қаланың ерекше сәулеттік нысандардың қатарына жатады. Құрылыс жобасының авторы әрі сәулетшісі Төлеген Әбділда. Ал, шығармашылық ұжымның негізін қалаған- Қазақстандағы алғашқы кәсіби сиқыршылардың бірі — Балтабек Жұмағұлов еді. Бүгінгі таңда бұл республикамыздағы ең жас цирк болып табылады. Ал енді біздің студенттерге және өзімеде өте қатты ұнаған «Хан Шатыр» ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы. Бұл ғимарат Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.



Енді жалпылама Астана қаласына тоқталып өтсем. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. Өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды. Қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты. 1-ші маусымның мәліметтері бойынша халық саны 538 мың 300 адамды құраған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының зерттеу тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 млн. 200 мың адам тұратын болады. Әрине, қазіргі заманға сай Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті. Объектілердің жобалауына шетелдік сәулетшілер, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары тартылды. Астананың жобалау базасының дамуына 2000 жылы құрылған жобалау институты — “Астана бас жоспары” МҚК-ның қосқан үлесі зор. 2002 жылы қолайлы ивестициялық хал-ахуалды қалыптастырып, жеке инвесторларды тартуға жол ашқан “Астана – жаңа қала” арнайы экономикалық аймақты құру туралы Жарлық шықты. Елорданың бас жоспарын жасауына үлкен көңіл бөлінді. Ең үздік бас жоспарына екі конкурс жарияланды. Екінші конкурсқа Ресей, Италия, Жапон, Австралия, Германия, Түркия, Польша, Өзбекстан, Беларус және т.б. елдердің шығармашылық топтары мен шеберлері қатысты. Жеңіске әлемдік сәулет өнерінің шебері және танымал теоретик Кейшо Курокава жетті. Астананы дамыту негізі етіп, сембиоз, метаболизм және абстракциялық символизм идеяларын алды. Жапон сәулетшісі үшін қала – бұл қоршаған ортамен тамаша үйлесіп жатқан жергілікті ландшафтқа көрік беріп тұрған тірі организм. Бұл идея Есілдің жағасында кең далада бой көтеріп келе жатқан Елордаға сәйкес келді. Ең басында-ақ құрылысшылардың алдына қалананы сәулетті, жарық, үйлесімді және ыңғайлы салуға тапсырмалар жүктелді. Қаланы салуда және оны қайта жаңартуда міндетті түрде әлемнің озық тәжірибелері мен дәстүрлі жетістіктер қолданылды. Бірінші кезекте, қаланың бұрынғы орталық көшелерін қайта күрделі жөндеуден өткізу, оны елорда мәртебесін сай жасау міндеті тұрды. Бұл жұмысты жүргізген кезде ашық түстерді көбірек қолдануды тапсырды. Екінші кезекте, Есілдің сол жағалауында арнайы әкімшліктің құрылысы басталды. Келесі жылдың күзінен бастап орталықтың жұмысы толық ұйымдастырылатын болады. Есілдің сол жағалауында салынып жатқан АЭА-қа құрылғаннан бастап (2006 жыл 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) қаржыландырудың барлық көзі бойынша 442,6 мирд. теңге бөлінген, оның 239,4 млрд. теңгесі игерілді.

Астана қаласында өткен экскурсиямыз маған өте қатты ұнады. Мен қаланың заманауи орталықтандырылғанына таң қалдым. Ерекше заулим һимараттары бар ғажайып қала. Астана, өзі де әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты. Астана — әлемнің үздік астанасы болу үшін өзінің алдына нақты міндеттер мен мақсаттар қойды. Ол өзінің мақсаттарына жету үшін жұмыс істейтін болады. Тілектеспін! Біздің бұл экскурсияға баруымыздың бірдін бір себепшісі біздің қолдаушымыз колледжіміздің директоры, Экономика ғылымдарының кандидаты Мамраева Гайни Баймагамбетовна.

Құрметті

Мамраева Гайни Баймагамбетовна

Сізге Астана қаласына экскурсияға барған студенттердің атынан үлкен рахмет! Бізді елеп көңіл бөлгеніңізге, жаныңызға жақын тартқаныңызға рахмет. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

ИС-12-1

Әзімбек Фариза




Предыдущий:

Следующий: